Республикада Омикрон BQ.1.1 (Цербер) штамы нұсқасының 0,5% айналымы анықталды. Ал 99,5%-ы – Омикрон штамының басқа нұсқалары. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, республикада қарашада қазан айымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есе өсrty (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін). Covid-19-ға тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді.

Барлық өңірлерде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші бірден артық, бұл вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуының белгісі.

"Өңірлер бөлінісінде соңғы айда еліміздің 3 өңірінде – Алматы, Астана және Қарағанды облысында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады. Сондай-ақ 5 өңірде (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкент қаласы) соңғы аптадан бастап сырқаттанушылық аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп келеді" делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Стелс-омикрон" штамы қаншалықты қауіпті?


Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.