Ашық НҚА порталында Қазақстанда толықтай мемлкеттік "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Жобаға сәйкес, қор отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғыртумен айналысады.

Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2022 жылға көзделген республикалық бюджеттен 153 150 мың теңге бөлу жоспарланған.

Еске салайық, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырды.


Оқи отырыңыз: Қарулы күштер ардагері: Әскерге шақыру жасын 27-ден 30-ға көтеру қажет