Қазақстанда қарлы боран мен -30 градусқа дейін аяз болады
Республика бойынша қатты жел соғады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанда алдымен қатты жауын-шашын болып, кейін қысқа мерзімге күн суытады.
"Қара теңіз аймағынан Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжитын циклон бұрқасынмен бірге қалың қар жаууына ықпал етеді, сондай-ақ жауын-шашын, көктайғақ болады. Республикада жел күшейеді" – деп жазылған үш күндік ауа райы болжамында.
Оқи отырыңыз: Қарлы боран тоқтамайды: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің айтуынша, күннің күрт суытуы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында болады. Мұнда түнде минус 20-30 градус болады деп күтілуде. Шығыста түнде 18-23 градус аяз болады.