"Ашық НҚА" порталында Қазақстан халқы Ассамблеясын 2026 жылға дейін дамыту концепциясының жаңа жобасы жарияланды.

Бұл құжатқа сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамды құрайды. Елдегі түрлі ұлт өкілдерінің пайыздық үлесі келесідей:

  • қазақтар (69,03%);
  • орыстар (18,47%);
  • өзбектер (3,29%);
  • ұйғырлар (1,5%);
  • украиндар (1,3%);
  • татарлар (1,06%);
  • немістер (0,92%);
  • түріктер (0,61%);
  • кәрістер (0,57%);
  • әзербайжандар (0,61%);
  • дүнгендер (0,40%);
  • белорустар (0,28%);
  • тәжіктер (0,27%);
  • күрдтер (0,25%);
  • шешендер (0,18%);
  • поляктар (0,15%);
  • башқұрттар (0,09%);
  • басқа этнос өкілдері – 1,04%.

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының этникалық құрамындағы қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті


"Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Айталық, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға өсті" делінген құжатта.