Тікелей эфир

Қазақстан халқының этникалық құрамындағы қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті

2021 жылдың басында қазақ ұлтының саны 0,5% пайызға өсті.

2021 жылдың басында Қазақстан халқының этникалық құрамындағы қазақтардың үлесі 13 млн (69,01%) адамнан асты. Бұған Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы бюллетеніндегі деректер дәлел.

2021 жылдың басында қазақтар саны 264 406 адамға артты. Көпшілігі Түркістан (1,5 миллионнан астам) және Алматы (1,5 миллионнан астам) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (1,2 миллионнан астам) тұрады.

Қазақ ұлтының саны басым өңірлер:

  • Қызылорда облысында – 96,4%;
  • Атырау облысында – 92,9%;
  • Маңғыстау облысында – 91,4%.

Оқи отырыңыз:


Сондай-ақ, Қазақстанда өзбек этносының өсуі байқалады – 2020 жылдан бастап олардың саны 15 мыңнан астам адамға өсті. Қазір Қазақстанда 620 мыңнан астам өзбек тұрады. Басқа этностардың да саны өсуде:

  • ұйғырлар – 5,4 мың (278,9 мың);
  • әзірбайжандар – 2,1 мың (114,6 мың);
  • түріктер – 1,5 мыңға (114,9 мың);
  • дүнгендер – 1,9 мың (76,3 мың);
  • тәжіктер – 1,6 мың (51,7 мың).

Келесі этностар саны азайды:

  • орыстар – 34,6 мыңға (3,5 миллионға дейін);
  • украиндар – 7,2 мыңға (256,7 мыңға дейін);
  • немістер – 1,5 мыңға (174,6 мыңға дейін);
  • белорустар – 1,2 мыңға (52,2 мыңға дейін);
  • татарлар – мыңға (199,4 мыңға дейін);
  • поляктар – 500 адамға (29,2 мыңға дейін).
Серіктестер жаңалықтары