Қазақстанда баспанасын жалға беретін азаматтар салық төлеуге міндетті
Кірісін жасырғандар 60 мың мен 300 мың теңге аралығында айыппұл арқалайды.Кірістер комитетінің өкілдері мүлік иелерін салықтан жалтармауға шақырады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркеліп, Е-Salyq мобильді қосымшасы арқылы пайдаңыздың 1 пайызын салық ретінде төлеу керек. Тек жылдық табысыңыз 13 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Ал әскери және мемлекеттік қызметкерлер жалпыға бірдей декларация толтыру кезінде осы кәсібінен түсетін пайдасын ашық көрсетіп, 10% төлейді. Жылжымайтын мүлікті тәуліктеп қосалқы жалға беретін болсаңыз да салық төлеу қажет. Жауапты комитеттің мәліметінше, Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді.
Оқи отырыңыз: Түркияда туристерге баспананы жалға беру ережесі күшейтілді