Қазақстан көкпаршылары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы. Бүгін ақтық сында Қазақстан командасы қырғызстандық көкпаршылармен ойнап, жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті. Есеп 4:3.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Қырғыз шеңберіне Әділет Мамыт 2 салым,  Құрманбек Тұрғанбек 1 салым, Абылайхан Нышанбеков 1 салым салды.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Өзбекстандық көкпаршылармен ойнап, 8-1 есебімен және Моңғолия құрамасын 12-2 есебімен жеңгенін хабарлаған болатынбыз.


Оқи отырыңыз: Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Фоторепортаж


Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Айта кетейік, көкпар Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет еніп отыр, осыған дейін шабандоздар көкбөрі ойнаған болатын.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Көкпардан Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Венгрия командалары келді. Ауғанстан аттарының мәселесі шешілмеуіне байланысты ойын көрсете алмады.