Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды
Ол 73 жаста еді.“Қайрат” футбол клубының ардагер ойыншысы Сейілда Байшақов қайтыс болды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
“Сейілда Иакрамұлы — қазақ футболының аңызы. “Қайраттың” құрметті ардагері отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосты және XX ғасырдағы Қазақстанның үздік футболисі болды. Ол футбол клубының құрамында 1971-1981 жылдар арасында ойнап, команданың көшбасшысы мен капитаны болды. 10 жыл ішінде 296 матчқа қатысып, 11 гол соқты”, — делінген хабарламада.
Сейілда Байшақов ойыншы ретіндегі крьерасын аяқтаған соң, клубта жаттықтырушы болып істеген.
Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футбол федерациясында балалар мен жасөспірімдердің футболын дамыту бойынша еңбек етті. Федерацияның вице-президенті, сосын президенті болып істеді.
Informburo.kz порталы Сейілда Байшақовтың туыстарына қайғырып көңіл айтады.