Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жалақысы қанша?
Министр вице-премьер қызметі үшін қосымша ақы алады.Қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев өзінің жалақысының мөлшерін айтып, табысы туралы декларацияны тапсыруға дайын екенін мәлімдеді.
"Мен біріншіден, қаржы министрі ретінде жалақы аламын, оған қоса вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Жалақым шамамен 1,5 млн тенгені құрайды. Бұл бәрін қосқанда", – деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында.
Оның сөзінше, министр ретінде ол 1,3 млн теңгеге жуық ақы алады.
"Біз – мемлекеттік қызметшілерміз, біздің еңбекақымызды онсыз да білесіздер. Жыл сайын декларация тапсыратындар – мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға ортақ декларациялауға келе жатырмыз және 2025 жылға қарай біздің республикамыздың барлық азаматтары жыл сайын декларациясын жариялап, тапсыратын болады. Сонда бәрі бәріне айқын болмақ", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы орташа жалақы – 275 мың теңге