Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жалақысы қанша?

Министр вице-премьер қызметі үшін қосымша ақы алады.

Қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев өзінің жалақысының мөлшерін айтып, табысы туралы декларацияны тапсыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Мен біріншіден, қаржы министрі ретінде жалақы аламын, оған қоса вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Жалақым шамамен 1,5 млн тенгені құрайды. Бұл бәрін қосқанда", – деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында.

Оның сөзінше, министр ретінде ол 1,3 млн теңгеге жуық ақы алады.

"Біз – мемлекеттік қызметшілерміз, біздің еңбекақымызды онсыз да білесіздер. Жыл сайын декларация тапсыратындар – мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға ортақ декларациялауға келе жатырмыз және 2025 жылға қарай біздің республикамыздың барлық азаматтары жыл сайын декларациясын жариялап, тапсыратын болады. Сонда бәрі бәріне айқын болмақ", – деді Ерұлан Жамаубаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы орташа жалақы – 275 мың теңге


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз