Қарлы боран, көктайғақ: демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады
Оңтүстік облыстарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жауып, боран соқтырған Атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжуда. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі: түнде солтүстік облыстарда 5-10 градусқа дейін аяз болады.
Атлантикадан басқа циклон батыстан жылжып келіп, қайтадан тұрақсыз ауа райын тудырады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, жел мен қарлы боран күшейеді және көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Оқи отырыңыз: Ағзадағы қажетсіз заттардан арылуға ыстық су қалай көмектеседі? Диетолог маманнан кеңес