Қарағанды облысында биыл ірі су қоймаларына 420 мыңнан астам тұқы, жылтыр тұқы, сазан шабағы жіберілді. Енді 4 жылға дейін балық аулауға болмайды, деп хабарлады 24.kz.

Басылымның жазуынша, мамандар алдымен су қоймаларын түгел зерттеп, тазартып, санитарлық жағдайын жақсартқан. Содан кейін майшабақтарды арнайы көлікпен әкеліп төккен.

"Көлге жіберілетін майшабақтың салмағын биыл 20 грамға дейін өсіріп жіберді. Ал Қарағанды өңіріне қатысты нормативтік құжаттарда 12 грамм деп анық жазылған. Енді ол көрсеткішке жету үшін шабақтарды питомникте ұзақ ұстауға тура келеді. Ал бұл кезде күн салқындап, суға мұз қата бастайды. Биыл абырой болғанда, күз жылы болды. Сондықтан бұл талапты өзгертуді сұрап, қазір балық шаруашылығы комитетіне хат жолдадық. Келіссөздер жүріп жатыр", – деді Қарағанды балық питомнигінің директоры Денис Муштаков.

Қазіргі таңда облыстағы қараусыз қалған су қоймаларын жекеменшікке беру мәселесі қаралып жатыр.


Оқи отырыңыз: Қапшағай, Іле, Бартоғай. Алматы маңында балық аулауға қолайлы 10 жер