Қанат Қыдырмин республикалық бас мешіттің имамы болып тағайындалды
Қанат Қыдырмин осыған дейін Ақмола облысының бас имамы болған.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық бас мешітке имам тағайындалды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
"ҚМДБ жанындағы республикалық бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын", – делінген ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.
Айта кетсек, Қанат Қыдырмин осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, "Әзірет Сұлтан" мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры қызметін атқарды.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев елордада Қазақстанның бас мешітін ашты