Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды. Ол жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

"Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды


Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.