KASE қорытындысы: доллар тағы қымбаттады
Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам – 498,09 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы қымбаттады. Орташа өлшенген бағам 1,31 теңгеге өсіп, 499,83 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 497,82 теңгеден сатып алынады, 501,19 теңгеден сатылады. Еуро 579,90 – 585,35 теңге, ал рубль 6,38 – 6,50 теңге аралығында саудаланады.
Астанада:
- доллар: сатып алу – 495,04 ₸, сату – 502,04 ₸;
- еуро: сатып алу – 575,00 ₸, сату – 585,00 ₸;
- рубль: сатып алу – 6,25 ₸, сату – 6,55 ₸.