Камчаткада Еуразиядағы ең биік жанартау атқылай бастады
Жанартау атқылауынан әзірге елді мекендерге еш қауіп жоқ.Ресей аумағында орналасқан Ключевская жанартауы атқылай бастады. Бұл туралы Жанартаутану және сейсмология институты хабарлады.
"Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді", – делінген институт хабарламасында.
Ключевская жанартауының биікктігі – 4750 м. Ол соңғы рет 2020 жылғы қазанда атқылаған болатын.
Жанартауға ең таяу орналасқан елді мекен – Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы. Ол жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан. Дегенмен институт мамандары жанартау атқылауынан елді мекендерге қауіп жоқ екеніне сендіріп отыр.