USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Камчаткада Еуразиядағы ең биік жанартау атқылай бастады

Жанартау атқылауынан әзірге елді мекендерге еш қауіп жоқ.

Ресей аумағында орналасқан Ключевская жанартауы атқылай бастады. Бұл туралы Жанартаутану және сейсмология институты хабарлады. 

"Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді", – делінген институт хабарламасында. 

Ключевская жанартауының биікктігі – 4750 м. Ол соңғы рет 2020 жылғы қазанда атқылаған болатын. 

Жанартауға ең таяу орналасқан елді мекен – Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы. Ол жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан. Дегенмен институт мамандары жанартау атқылауынан елді мекендерге қауіп жоқ екеніне сендіріп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз