Бұған дейін ІІМ қызметкерлерінің өгей әкесі бар балалар тәрбиеленіп отырған барлық отбасын тексермекші болғаны туралы ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жоққа шығарған болатын.

Министрдің орынбасары баланы өгей әкенің бағуы заң бұзушылық емес екенін және тексеруге негіз жоқ екендігін айтты.

"Баланың өгей әкенің тәрбиесінде болуы – құқық бұзушылық емес және тексеруге негіз бола алмайды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары бұзылған жағдай болса ғана тексеру жүргізіледі. Ал бала өгей әкенің тәрбиесінде болғандығы үшін ғана тексеруге болмайды. Бұлай ету дұрыс емес деп санаймын», – деді Игорь Лепеха.

Қыркүйек айының басында Бас прокуратура "Электрондық профилактика" бағдарламасы аясында көп балалы, тұрмысы нашар отбасыларға және өгей әкелерімен тұратын отбасыларға тұрақты түрде барып тұруды ұйғарды. Құқық қорғаушылар бұл шара кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу үшін қажет деп санайды.


Оқи отырыңыз: ІІМ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 81 пайызы жұмыссыз болған.


Балалар істері жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл іс-шаралар тек есепте тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қатысты екенін түсіндірді. Республикада мұндай жеті мыңға жуық отбасы бар. Бұл отбасыларда 12 мың бала тұрады.