2022 жылы елдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 4,2 млн тонна мал азығын тұтынған. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 8,2% артық. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Мал азығын ең көп тұтыну Ақмола облысында болды: 704,8 мың тонна, бір жылда 4,6% азайған. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысында болды:586,2 мың тонна, бір жылда 19,1% көбейген және үшінші орынлда Алматы облысы: 558,5 мың тонна, бір жылда 17,7% азайған.

Ең төменгі көрсеткіш Алматыда тіркелді: 2021 жылы 99 тонна болса, 2022 жылы небәрі 4,6 тонна. Жылдық төмендеу 95,4%.


Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы техникасының 80% тозған. Президент жылда 8-10 пайызын жаңартуды тапсырды.


Жануарлардың түрі бойынша ең көп азық тұтыну ірі қара малға тиесілі: 2,1 млн тонна бұл – бір жыл бұрынғыдан 8,6% артық. Соның ішінде 872,5 мың тоннасы сиырға берілді.

Құсқа жемшөп шығыны 1,3 млн тонна: бір жылда 9,4% көбейген, жылқыға — 356,3 мың тонна, қойға — 269,6 мың тонна, шошқаға — 135,2 мың тонна жем-шөп кетеді.

Елдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тұтынатын барлық жемшөптің 46,7%-ы, яғни 2 млн тонна концентратталған жемшөп. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 8,5% артық.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді.