Ирандағы нашақорларды сауықтыру орталығында өрт шығып, кемінде 27 адам қаза тапты
Тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді.Иранның Лангаруд қаласындағы нашақорларды сауықтыру орталығында болған өрт салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Mizan Online ақпарат агенттігі хабарлады.
Провинцияның бас судьясы Эсмаила Садегидің мәліметінше, тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі белгісіз. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан өрт ошағына айналды". Біз неге ұлы даланың әлеуетін пайдаланбаймыз?
Оңалту орталығы 40 адамға есептелген.