Euronews.com басылымы Ирак еліндегі Месопотамия батпағы туралы видео жариялады. Онда қуаңшылық себебінен батпақтың құрғап, жойылу алдында тұрғаны бейнеленген.

Месопотамия батпағы Ирактың оңтүстігінде, Тигр мен Евфрат өзендерінің сағасында орналасқан. Соңғы бірнеше жыл бойы жауын-шашынның аз, ал ауа райының ыстық болуына байланысты өзен сулары тартылып, батпақ құрғап жатыр. Осыған байланысты өңір тұрғындары елдің басқа бөліктеріне қоныс аударуға мәжбүр.

Жалпы, Месопотамия батпағының құрғау мәселесі тек ауа райы жағдайына ғана байланысты емес. 1990 жылдары елдің сол уақыттағы басшысы Саддам Хусейн араб тайпаларын баспанасына айыру үшін Месопотамия батпағын құрғатуға бұйрық берген болатын. Осы кезеңде батпақтың біраз бөлігі жойылды. Ал 2000 жылдардан кейін Ирактағы Месопотамия батпағын бүкіләлемдік мұралар тізіміне жатқызды.


Оқи отырыңыз: Атыраудағы Жайық өзені тартылып барады