Өткен жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның туристер арасында танымал 5 жерін атады. 

5-орын: Шарын шатқалы.

Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.


Оқи отырыңыз: Таңбалы, Үңгіртас, Шарын, Көлсай, Шонжы. Алматы облысындағы бес туризм ошағы


4-орын: Баянауыл. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған. 

3-орын: Көлсай көлдері. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады. 


Оқи отырыңыз: "Көлсай көлдерінің" директоры: Ұлттық саябаққа келушілерді шектеу – тазалықты сақтауға көмектеседі


2-орын: Бурабай. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Мұнда 550 мыңнан астам адам келген. 

1-орын: Іле Алатауы. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.