Іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара аясында екі күн ішінде 280 күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оның ішінде:

  • кісі өлтіргені үшін – 9;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 4;
  • қарақшылық шабуыл үшін – 5;
  • тонау үшін – 7;
  • есірткі қылмысы үшін – 19.

Республикадан тыс жерлерде 33 күдікті құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.

Сонымен қатар жүргізілген жұмыс барысында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.