ҚР Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері суицид жасаған және өзіне қол салуға оқталған 14 жеткіншектің мас күйде болғанын хабарлады. 

Мұнымен қатар, тағы бір жасөспірімнің есірткі тұтынғаны белгілі болды. 

"Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін", – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.


Оқи отырыңыз: "Пәтер алып беремін". Шымкентте ХҚКО қызметкері тұрғындарды 180 млн теңгеге алдаған


Көбінесе 15-17 жастағы жасөспірімдердің өзіне қол салатыны айтылды.