Sports.kz Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирнге сілтеме жасай отырып, Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен мүмкіндігінше тезірек реванш өткізуге дайын екенін хабарлады.

Мексикалық "Канело" биылғы қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын. Ал мамыр айының басында ол Дмитрий Биволмен жекпе-жекке шығып, жеңіліс тапты. Бұл Саул Альварестің өзге жоспарларын өзгертуге негіз болып отыр.

"Канеломен хабарластым. Дүйсенбіде енді не болатынын ақылдасамыз. Біз оның қыркүйекте орта салмақта "абсолютті чемпион" атағы үшін GGG-мен жұдырықтасу жоспары барын білеміз. Бұл жекпе-жекті өтуі тиіс, алайда Сауль Альварес Дмитрий Биволмен реванш күтіп отыр. Ол Биволмен жұдырықтасқаннан кейін ғана GGG-мен кездеседі деп ойлаймын. Оны ұйымдастырудың жалғыз мүмкіндігі осы ғана болу керек. Шешімді бір аптадан кейін нақтылаймыз",– деді Эдди Хирн.


Оқи отырыңыз: "Жеті рет рекорд жаңартқан". Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшылар