Прямой эфир Новости спорта

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі бола ма?

"Канелоның" Биволдан жеңілуіне байланысты қыркүйекке Головкинмен жоспарланған жекпе-жек өтпеуі мүмкін.

Sports.kz Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирнге сілтеме жасай отырып, Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен мүмкіндігінше тезірек реванш өткізуге дайын екенін хабарлады.

Мексикалық "Канело" биылғы қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын. Ал мамыр айының басында ол Дмитрий Биволмен жекпе-жекке шығып, жеңіліс тапты. Бұл Саул Альварестің өзге жоспарларын өзгертуге негіз болып отыр.

"Канеломен хабарластым. Дүйсенбіде енді не болатынын ақылдасамыз. Біз оның қыркүйекте орта салмақта "абсолютті чемпион" атағы үшін GGG-мен жұдырықтасу жоспары барын білеміз. Бұл жекпе-жекті өтуі тиіс, алайда Сауль Альварес Дмитрий Биволмен реванш күтіп отыр. Ол Биволмен жұдырықтасқаннан кейін ғана GGG-мен кездеседі деп ойлаймын. Оны ұйымдастырудың жалғыз мүмкіндігі осы ғана болу керек. Шешімді бір аптадан кейін нақтылаймыз",– деді Эдди Хирн.


Оқи отырыңыз: "Жеті рет рекорд жаңартқан". Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшылар


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары