Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралуы туралы айтты.

Бүгінде Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарып жүрген Геннадий Головкин Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында бокспен қош айтыспағанын алға тартты. 

"Бокстан кететінім туралы ешқашан айтқан емеспін. Бәріне уақыт төреші. Қазір менің алдымда үлкен мақсат тұр. Бастысы, атқарып жатқан жұмысым өзіме ұнайды. Спорт, қимыл-қозғалыс, жаттығу менің өмірімнің мәніне айналған. Егер біреу мені шаршы алаңға шақырып, ол ұсынысы көңілден шықса, оны қабылдауға дайынмын. Сондықтан алда GGG-дің қатысуыммен өтетін жекпе-жектің куәсі болуларыңыз әбден мүмкін", – деді Геннадий Головкин. 

Айта кетейік, әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылғы күзде шығып, төрешілердің ортақ шешімімен мексикалық Сауль Альвареске есе жіберген болатын.