Орта салмақтағы әлемнің "супер чемпионы" Геннадий Головкин (42-2-1, 37 ҰС) Куба боксшысы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 ҰС) жекпе-жек өткізуге міндеттелді, деп хабарлайды wbaboxing.com сайты.
Ұйым мәліметінше, қос тарапқа келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Яғни Головкин мен Лара командасы 8-23 ақпан арасында өзара шарттарды ақылдасады.
Оқи отырыңыз: "Жеті рет рекорд жаңартқан". Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшылар
Еске салсақ, Генадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізіп, IBF титулын қорғауы керек еді. Алайда 8 ақпанда GGG бұл титулдан бас тартамын деп шешті.
USD:
459.5 / 462.3
EUR:
537.5 / 542.5
RUB:
5.99 / 6.11