Футбол федерациясы Қазақстан мен Норвегия матчына орай жанкүйерлерге ескерту жариялады
Стадионға сағат 17.00-ден бастап кіруге болады.Бүгін 19.00-де Алматы Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасында матч өтеді.
Ойын алдында Қазақстан Футбол федерациясы жанкүйерлерге ескерту жариялады.
"Кезекте тұрып қалмас үшін сіздерден стадионға 2 сағат бұрын келулеріңізді сұраймыз. Сіздер үшін қызық бағдарлама дайындалды. Келіңіздер, матч алдында қөңілді уақыт өткізіңіздер. Стадионға сағат 17.00-ден бастап кіруге болады", – деп хабарлады ҚФФ баспасөз қызметі.