Қазақстанға FIBA ​​демеушілігімен ірі халықаралық іс-шараларды өткізу үшін қаланың инфрақұрылымын бағалау үшін арнайы келген FIBA бас хатшысы Андреас Заглис Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын, "Барыс Арена" мұз айдынын және Конгресс-орталығын аралады. 

Сондай-ақ, туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевпен және спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен кездесіп, болашақ жобаларды талқылады. 

"Әлемдік баскетбол қауымдастығының жетекші өкілдерінің бірінің сапары – Қазақстанның халықаралық аренадағы ілгерілеуін мойындаудың белгісі. Біз мұны жаңа жобалар мен болашақ жетістіктерге жасалған маңызды қадам ретінде қарастырамыз", – деді Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов. 

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Баскетбол федерациясы халықаралық Anadolu Efes компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 2024/2025 маусымда баскетболдан аталған компания Қазақстан чемпионатының титулдық демеушісі болды. 


Оқи отырыңыз: Қазақ баскетболын түркиялық ірі инвестор қаржыландырады