Есірткі тасымалдап жүрген бұрынғы математика пәнінің мұғалімі ұсталды
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иті көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды.
"Курьер бұған дейін математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі – мефедрон салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограммды құрады, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 6 адам ұсталды
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады