USD: 467.3 / 469.7
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 6 адам ұсталды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері тәркіленді.

ШҚО-да арнайы техникамен заңсыз алтын өндіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген адамдар тобын анықтады.

Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу мақсатында жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын пайдаланып, жер жұмыстарын заңсыз жүргізілген аумақтың нақты орнын анықтады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылық орнында алты адам ұсталды.


Оқи отырыңыз: ІІМ: Алматыда ондаған шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталды


Тергеу әрекеттері барысында бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері тәркіленді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау