Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" басшысы қызметінен кетті
Ол 18 маусымнан бастап қызметінен босатылды."СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен кетті. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, ол Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 18 маусымда қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма басшысы қызметіне 2020 жылғы 12 шілдеде тағайындалды.
2016 жылдан бері тәуелсіз директор ретінде компанияның бақылау кеңесі құрамында болған. Оған дейін "ҚТЖ", "БРК-Лизинг", "Қазтеміртранс", "Самұрық-Қазынада", сонымен қатар сауда және индустрия вице-министрі болды.
"СК-Фармация" - дәрі-дәрмекті сатып алып, медициналық заттармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор.