Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына түсіпейтінін мәлімдеді.

"Amanat партиясы президент сайлауына өз кандидатын ұсынады. Мен сайлауға қатыспаймын. Биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі сайлауға да. Ресми түрде мәлімдеймін", – деді Ерлан Қошанов.

Алайда мәжіліс төрағасы сайлауға қатысуға лайық кандидаттың есімін атады.

"Ашық айтайын, ол – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Сол кісінің кандидатурасын ( егер ол – ред.) келесі сайлауға баратын болса, қолдаймын. Ал енді Қасым-Жомарт Кемелұлы Amanat партиясынан бара ма немесе басқа ұйымдардан бара ма, оны президент өзі шешеді. Негізі Amanat партиясы (өзінің – ред.) президенттің қоғамдық тірегі екенін жариялаған болатын. Сондықтан біз әрқашан президентті қолдаймыз", – деді Ерлан Қошанов.


Оқи отырыңыз:


Мәжіліс төрағасы президент сайлауына түсетін лайықты үміткерлер болатынын айтты.