Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды
Нұрлан Нығматуллин өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді.Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин өкілеттігін тоқтату туралы өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
"Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі төрағасының қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа қойып, ол бірауыздан қабылданды", – деп жазылған хабарламада.
Мәжіліс депутатының бос мандаты Nur Otan партиясының мүшесі Ерлан Қошановқа берілді. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы болған еді.