Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин өкілеттігін тоқтату туралы өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
"Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі төрағасының қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа қойып, ол бірауыздан қабылданды", – деп жазылған хабарламада.
Мәжіліс депутатының бос мандаты Nur Otan партиясының мүшесі Ерлан Қошановқа берілді. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы болған еді.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07