Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Youtube арнасында Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы қалай әзірленгенін және оның мақсаты мен мән-маңызын түсіндірді. 

"Еліміздің, әрбіріміздің, ұрпағымыздың болашағын айқындайтын не? Әрине, Конституция. 15 наурызда елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Азаматтарымыз жаңа Ата Заң үшін дауыс береді. Бұл күн – тарихымыздағы тағдыршешті сәт болуы мүмкін", – деді Ерлан Қарин.