Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде жеке тұрғын үйлердің құрылысын реттеу мәселесіне тоқталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Мегаполис басшысының айтуынша, Алматы әкімдігі бақылауды күшейту есебінен ретсіз құрылысқа қарсы күресте бірқатар ұсынысқа бастамашы болған.

"Біз ұсынысымызды енгіздік, өйткені бүгінде жеке тұрғын үйлердің құрылысы жай ғана хабарлау арқылы – тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі, сонымен қатар желілерге қалай қосылады деген көптеген мәселе бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы әкімдігінің құрылыс үдерісін ретке келтіру бастамасын қолдауы туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тек Алматыда емес, барлық жерде құрылысты ретке келтіру керек деп ойлаймыз. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек", – деді Ерболат Досаев.


Оқи отырыңыз: Аудан әкімі лай көшкіні туралы: Жоғарыдағы үлкен үйлер себеп болуы мүмкін деген болжам бар