Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетті
Оның департамент басшылығымен келіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі электр энергетикасы, жылу электр стансалары және жаңартылатын энергия көздеріне жетекшілік еткен Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің алдағы уақытта жұмыстан босатылатынын растады.
"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында. Еңбек демалысы аяқталғаннан кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Әлеуметтік желіде таралып жатқа вице-министр мен департамент басшылығы арасындағы болжамды жанжал туралы ақпарат – жалған ақпарат", – деп жазылған хабарламада.
Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында Энергетика вице-министрі болды. 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастады. 2005-2010 жылдары "Қызылорда аймақтық электр энергетикасы компаниясы" АҚ басқарды.
2011-2013 жылдары "Қызылорда СПК" ҰК» АҚ төрағасы болды. 2013-2019 жылдары жеке компанияда жұмыс істеген.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков қызметінен кетті
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "KEGOC" АҚ стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры.