Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетті

Оның департамент басшылығымен келіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі электр энергетикасы, жылу электр стансалары және жаңартылатын энергия көздеріне жетекшілік еткен Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің алдағы уақытта жұмыстан босатылатынын растады.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында. Еңбек демалысы аяқталғаннан кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Әлеуметтік желіде таралып жатқа вице-министр мен департамент басшылығы арасындағы болжамды жанжал туралы ақпарат – жалған ақпарат", – деп жазылған хабарламада.

Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында Энергетика вице-министрі болды. 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастады. 2005-2010 жылдары "Қызылорда аймақтық электр энергетикасы компаниясы" АҚ басқарды.

2011-2013 жылдары "Қызылорда СПК" ҰК» АҚ төрағасы болды. 2013-2019 жылдары жеке компанияда жұмыс істеген.


Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков қызметінен кетті


2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "KEGOC" АҚ стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз