Рахмон елде болған жағдайға қатысты өз пікірін бөлісті. Оның пікірінше, Қазақстанда болып жатқан қайғылы жағдайлар терроризм мен экстремизм, діни радикализм, топтасқан қылмыс, заңсыз есірткі саудасына қарсы күш біріктіріп, кешенді жұмыстар жүргізу қажет екенін көрсетеді.

"Террористердің отаны, ұлты, діні жоқ. Қай жерде жүргеніне қарамастан, олардың көзін жоюымыз керек", – деді Рахмон.

"Ауғанстан айналасында қауіпсіздік белдеуін құру қажет", – деп қосты Тәжікстан президенті. 

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористердің негізгі күшті Алматыға бағыттағанын хабарлаған еді. Президент Алматы мен 9 облыс орталығының бандиттердің қолына өтуі ҰҚҰШ-дан көмек сұрауға негіз болғанын айтты.