Президент Алматы мен 9 облыс орталығының бандиттердің қолына өтуі ҰҚҰШ-дан көмек сұрауға негіз болғанын айтты.
Бір уақытта 11 өңірде тәртіпсіздік болса да, негізгі күш Алматы қаласына бағытталған, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Алматының біздің ірі қалаларымыздың бірі әрі негізгі қаржы орталығы екенін жақсы білесіздер. Маңызды көлік пен коммуникация желілері осы жерде орналасқан. Оның құлауы оңтүстікті толықтай, кейін барлық елді басып алуға жол ашатын еді. Террористер құқық күштерін өз жағына шығаруға үміттеніп, артынша астанаға соққы жасағысы келген. Президент резиденциясы маңында бүлікшілердің жиналып тұрғанын көрдік. Бұл нағыз террористік соғыс болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әрі қарай мемлекет басшысы Алматы мен 9 облыс орталығының бандиттердің қолына өтуі ҰҚҰШ-дан көмек сұрауға негіз болғанын айтты.
"Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚҰШ-дан көмек сұрап, өтініш білдірді. Дер уақытында жүзеге асты. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алу жоспарларынан бас тартты. Бұл бізге қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік берді", – деді президент ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүлікшілердің екі әскеридің басын кесіп алғанын айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-