Елордада бүгін қайғылы жол апаты болды. сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

 Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

 

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болу, жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет" делінген сайт хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Жол белгісін қазанға қақпақ етеді". Көлік апатының жиілеуіне не себеп?