Елорда мектептеріне Қонаев, Бағланова, Оңғарсынованың есімі берілді
Нұр-Сұлтан қаласында 8 білім ордасы тарихи тұлғалардың есімін иеленді.Бұл туралы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп хабарлады.
"Ономастикадағы жағымды жаңалық. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді" – деді Сәкен Есіркеп.
Әрі қарай ол қай мектептердің атауы өзгергенін бөлісті:
- № 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың;
- № 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың;
- № 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің;
- № 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының;
- № 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың;
- № 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтың;
- № 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың;
- № 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.
Еске салсақ, Талдықорғанда мұғаліміне бейәдеп сөйлеген оқушыға "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылғаны туралы хабарлаған едік. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған болатын.