Еліміздің батысында бірден екі жол қолданысқа беріледі
Қазір жол жамылғысының жоғарғы қабаттарындағы жұмыстар аяқталып жатыр.Ақтөбе өңірінде жаңа төрт жолақты "Ақтөбе-Қандыағаш" күре жолы қолданысқа беріледі. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында мәлімдеді.
Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларын қосатын жолдың қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын.
Жол мамандары жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайтын (екі учаске) тасжолға жаңа асфальт төседі. Қазір жол жамылғысының жоғарғы қабаттарындағы жұмыстар аяқталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жоқ жолды жөндеуге 328 миллионға тендер ойнатпақ болған шенділердің әрекеті әшкере болды
Сонымен қатар Алға және Қандыағаш қалаларының айналма жолдарының құрылысы да аяқталуға жақын. Қайта құру жұмыстары аясында мамандар 18 көпір мен жол айрығын салды. Жыл соңына дейін төрт жолақты жол пайдалануға беріледі. Қазір жол бойында толығымен қозғалыс ашық.
Сонымен қатар өңірде өткен жылдан бастап жалпы ұзындығы 260 шақырым болатын "Қандыағаш-Шалқар" жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жай-күйі нашар болды. Былтыр мамандар жолдың 20 шақырымын жөндесе, биылдан бастап тағы 125 шақырым жол жөнделеді.