Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қандай?
2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, елдегі жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 120 743 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
"Биыл зейнетақы төлеуге республикалық бюджеттен 1 триллион 374,1 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 миллиард теңге", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын түгел пайдалану және ХҚКО-да неке қию. Шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді?
2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 299 мың зейнеткер бар.