Халықтың жұмыссыздық деңгейі екінші жыл өзгеріссіз қалып, 2021 жылы 4,9%-ды құрады. Бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 0,6%, 450,4 мың адамға дейін қысқарған. Оның алдыңғы жылы көрсеткіш бірден 2,6% өскен еді, деп хабарлайды finprom.kz сайты. 

Сондай-ақ, ауыл мен қаладағы жұмыссыздық бойынша арадағы айырмашылық та өсіп келеді. Жыл басында қалалардағы жұмыссыздық 5%-ды құрады, 2020 жылдың соңымен салыстырғанда аса айырмашылық жоқ. Ал ауылда бір жыл ішінде жұмыссыздық 4,8%-дан 4,7%-ға дейін қысқарды. 

Ерлер арасында жұмыссыздық бір жылда 4,4%-дан 4,1%-ға қысқарса, керісінше әйелдер арасында 5,4%-дан 5,6%-ға дейін өсті. 


Оқи отырыңыз: Түнде, демалыста және мерекеде жұмыс істетсе, қалай құқығыңызды қорғауға болады?


Қазақстандағы келесі өңірлерде жұмыссыз азаматтар бәрінен көп:

  • Түркістан облысы мен Алматы қаласы – 5,1%;
  • Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы – 5%.

Ал керісінше Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысының азаматтары жұмыспен барынша қамтылған, бұл өңірлерде жұмыссыздық 4,6%-ды құрайды. 

  • Адам саны бойынша жұмыссыз азаматтар Алматы қаласында көп – 52,9 мың адам;
  • Алматы облысында – 49 мың адам;
  • Түркістан облысында – 41,8 мың адам. 

Оқи отырыңыз: Жұмыскердің құқығы: нені білу керек?