31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, Қазақстанда қазір 2 миллион 200 мың зейнеткер бар. Былтырдың өзінде зейнетке шықса да, жұмыс істеп жүрген жасы 65-тен асқан кісілердің саны 70 мыңнан асқан.

Биыл ең төменгі зейнетақыға 3 мың теңге қосылып, 46 мың 302 теңгені құрады. Орташа зейнетақы көлемі – 105 мың. Экономист Сапарбай Жұбаев әлеуметтік төлемнің бұл түрін Үкімет Ұлттық қордан қаражат алуды тоқтатқан кезде ғана көбейте алады деп есептейді.


Оқи отырыңыз: Ұлттық қор қаржысын пайдалануға заңмен тыйым салу қажет пе?


Сапарбай Жұбаев, экономист:

– Қазақстан бюджетінің 50-55 пайызы әлеуметтік төлемдерге жұмсалады. Ал бюджетіміздің 50 пайызын біз қазір Ұлттық қордан алып жатырмыз. Биыл бюджет 18 триллионға жетсе, ооның салықтан түсетін бөлігі – 8-9 триллион теңге, қалғанын Ұлттық қордан алып толтырамыз. Тағы жетпейтін шамамен 2-3 триллион теңгені облигация шығару арқылы қарызға аламыз. Әлеуметтік жобалар осылай қаржыландырылып жатыр. Алайда қарызға бату, Ұлттық қордан қаражат ала беру дұрыс емес.