ЕGov мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтерін жаңартты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады, деп хабарлады "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында "кедергісіз орта" құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.
Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қолжетімді:
- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;
- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;
- мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
- мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына алпыс сағат);
- үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.
Оқи отырыңыз: Енді қазақстандықтар eGov порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады
Көрсетілетін қызметтерді алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өту және "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөліміне өту қажет;
- бұдан әрі "Мүгедектігі бар адамдарды қолдау" бөлімінде ұсынылған тізбеден қажетті көрсетілетін қызметті таңдау керек;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.
Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде).
Көрсетілетін қызметтердің жаңартылған функционалы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.