Джо Байден 2024 жылғы президент сайлауына қатысады
Ақ үйдің баспасөз қызметі бұған Байденнің жасы мен денсаулығы кедергі болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер келесі АҚШ президенті сайлауына Джо Байденнің денсаулығына байланысты қатыса алмауы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Келесі президент сайлауы 2024 жылы өтеді. Сондай-ақ, ол Америка лидерінің екінші мерзімге сайлауға түсу ниетінің бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды iz.ru сайты.
"Біз жаңа ғана Нью-Мексикодан, жаңа ғана Калифорниядан оралдық... оның жасап жатқанына зер салыңыздаршы, оның Америка халқы үшін не істеп жатқанына қараңыздар", – деді ол CNN телеарнасына берген сұхбатында.
Мұнымен қатар, Ақ үйдің ресми өкілі Байденнің 2024 жылы сайлауға түсуді жоспарлап отырғанын айтқанын бөлісті.
Оқи отырыңыз: Партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін қысқарады
Осы күні American Conservative шолушысы Патрик Бьюкенен Джо Байденнің жасы мен денсаулығына байланысты қайта президент болып сайлану мүмкіндігінің төмен екенін айтты. Мақала авторы 2024 жылы өтетін сайлау кезінде Байденнің 82 жасқа толуына екі апта уақыт қана қалатынын жазған.
Шолушының пікірінше, Байден аралық сайлауда тиісті дауыс жинай алмайды. Мұнымен қатар, америкалықтар елде инфляция деңгейінің өсуіне наразы және бұған Ақ үйді кінәлайды. Журналист болуы мүмкін аралық сайлаудағы жеңілісінен кейін Демократтар партиясы қазіргі президенттен 2024 жылы сайлауға түспеуді өздері сұрайтынына сенімді.
АҚШ-тағы келесі президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Президенттің қай туыстары үкімет пен ұлттық компанияларда қызмет ете алмайды?